Қазіргі уақытта көптеген олимпиадалар өткізіледі және олимпиадалық қозғалысты жақсы түсіне білмейтін адамға белгілі бір олимпиаданың немесе сол олимпиададағы медальдің қаншалықты құнды екенін түсіну өте қиын. Осы мәселені шешу үшін, %link% әр олимпиаданы үш санат бойынша бағалайды:
Әр олимпиаданың веб парақшасында, сіз әр санат бойынша 5 ұпайлық шкала бойынша біздің бағамызды көре аласыз. Төменде біз әр санаттың бағалау алгоритмін ұсынамыз.
Өкінішке орай, Қазақстанда академиялық адалдық институты жоқ. Кейде біз қатысушылардың қолдарында олимпиада тапсырмалары алдын ала болатынын немесе әділқазылар алқасы мүшелері олимпиадада кездесетін тақырыптарды өз оқушыларына алдын ала үйрететінін байқаймыз. Мұндай жағдайлар көбінесе жазасыз қалады, себебі осындай оқиғалардың куәгерлері болған оқушылардың тағдыры дәл осы әділқазылар алқасы мүшелерінің шешіміне байланысты.
Сондықтан біз өзіміздің бағалау жүйемізге үшінші санатты қосуды ұйғардық: олимпиаданың беделі. Егер біздің командамыздың мүшелері олимпиадаларда академиялық адалдықтың бұзылуын ешқашан байқамаса, онда олимпиада «бейтарап» рейтингіне ие. Алайда кішкентай бұзышылықты байқаған болсақ, бізде осы олимпиаданың беделіне байланысты сұрақтар туындайды - біз сұрақ белгісін қоямыз. Егер біз академиялық тұтастықтың бір үлкен бұзылуын кездестірсек, онда осы санатқа бір леп белгісін қоямыз. Ал бұзушылықтар жүйелі болған жағдайда, біз екіден үшке дейін леп белгілерін қоямыз.
Ұйымдастырушылардың академиялық адалдыққа қатысты белсенді позициясы бар екендігіне сенімді болған өте сирек жағдайларда, біз құсбелгісін қойып, олимпиаданың беделі оң екенін көрсетеміз. Академиялық адалдығы жоғары деңгейдегі олимпиадаларда, ұйымдастырушылар толық жауапкершілікті өздерінің мойындарына алудан қорықпай, академиялық адалдықты бұзды деп күдіктелген қатысушыларды дисквалификациялайды.
Ескерту: Осы санаттағы рейтинг Қор тобының тек субъективті пікірі болып табылады. Егер сіз біздің осындай рейтингті қоюға құзіретті емес деп ойласаңыз, онда тек алғашқы төрт санат бойынша олимпиаданың рейтингін талдауға құқылысыз.