Scoreboard Publications

Scoreboard Publications — мектеп оқушылары жасаған рецензияланған (peer-review) ғылыми жобалар мен зерттеулерді жариялайтын журналдар бірлестігі.

Біздің міндетіміз: ғылыми әдістемеге сәйкес жасалған жұмыстарды жариялау алаңын ұсыну.

Неліктен бізде жариялануыңыз қажет?

Халықаралық стандарттар

Жарияланған соң, сіздің жұмысыңыз DOI халықаралық идентификаторын иемденеді, ал сіздің мақалаңыз бойынша ақпарат халықаралық ғылыми жұмыстар базасына енгізіледі.

Өсуге мүмкіндік

Біздің критерийлер едәуір қатал болғанына қарамастан, біз олардың сіздің өзіндік дамуыңызға мүмкіндік болғанын қалаймыз. Егер сіздің жұмысыңыздағы бір нәрсе бізге дұрыс болып көрінбесе, біз одан жай ғана бас тартпаймыз, қандай да бір уақыттан кейін сіз бізде жариялана алатындай етіп сізді бағыттаймыз.

Дұрыс рецензиялау

Біз үшін peer-review рәсімі жай ғана қоя салу қажет белгіше емес. Сіз үшін бұл соңғы нәтижені біліп қана қоймай, сізге жазылған рецензияларды көріп, керек жағдайда жауап бере алу дегенді білдіреді.

Және ең бастысы: біз сан қуаламаймыз және асықпаймыз. Біздің тәсілмен жылына бір мақаланы жариялайтынымыз бізге мәлім. Бізге сапа стандарты атанатын сапалы және меритократиялы алаң жасау маңыздырақ (бізде жариялау толығымен тегін екендігін айту қажет пе?). Болашақта оқушылар ғылыми жоба жасағылары келсе — ғылыми әдіс деген не екендігін түсіну үшін біздің журналды қарап, зерттеулермен айналысуға шабыттанатын болады.

Жариялау процедурасы

1. Жұмысты жіберу

Жұмысыңызды рәсімдеу талаптарына сәйкес [email protected] поштасына жіберіңіз.

2. Рәсідеу ережелеріне сәйкестікке тексеру

Сындарлы сәйкессіздік жағдайында біз сізге түзеу қажет екендігін жазамыз. Мардымсыз қателер болса, жұмысыңызды келесі кезеңге бағыттаймыз.

3. Сұхбат

Біз сізбен сіздің жобаңызды талқылау үшін шағын сұхбат өткіземіз.

4. Рецензиялау

Біз сіздің жұмысыңызды рецензиялауға жібереміз. Қажет болса, сізге түзету немесе жақсартуға сұратым жібереміз.

5. Жариялау

Алдыңғы кезеңдердің барлығы аяқталған соң, біз сіздің мақалаңыздың абстрактын ағылшын тіліне аударып, жұмысыңызды сайтта жариялаймыз.

Жариялау критерийлері:

Ғылыми әдістемеге сай болуы

Сізге зерттеу тақырыбын анықтап, релевантты теориялық базаны зерттеп, гипотеза құрастырып, эксперимент өткізіп, керекті есептеулерді немесе керекті математикалық өрнектердің түрлендірулерін жасап, нәтижелерін талдап, қорытынды жасау қажет.

Академиялық адалдықтың сақталуы

Бар жұмыстардан (әдебиет дереккөздерінен) дәйек сөз алудың ережелері мен стилінің сақталуынан бөлек жұмыстардың көп бөлігі мен манускрипт мәтінін оқушылар жазғанын талап етеміз.

Бастапқы деректердің ашықтығы

Керек жағдайда зерттеуіңіздің барысында алынған бастапқы деректерді ұсынуға дайын болуыңыз қажет (мысалы, тәжірибелік және өңделген деректер бар Excel кестесі).

Жұмыстың жаңалығы

Ғылымның жаңа жақтарында жұмыс жасау — ғылыми прогресстің маңызды критерийі. Алайда кейде ғылымда жаңа бір нәрсені жасау үшін аурудың жаңа емін табу немесе жаңа химиялық элементті ашу қажет емес. Ғылыми білім әлемі бұрын белгісіз болған фактілер мен олардың байланыстары кеңістігін толтыратын ұсақ кірпіштерден құрылады. Сіздің міндетіңіз ғылыми білімнің сіз таңдаған оқшау саласының ағымдағы күйін егжей-тегжейлі зерттеуден тұрады. Ағымдағы білімнің шекараларын біле отырып, сол шекараның артындағы зерттелмегеннің кеңістігі шамамен шексіз екендігін оңай анықтап, сізге дейін ешкім тексермеген гипотезаны құрастырасыз (сіз оның алдында барлық дереккөздерді жақсылап тексеріп шықтыңыз ғой). Ғылыми жұмыстың жаңалығы шын мәнінде едәуір қарапайым нәрсе, оның тылсым ештеңесі жоқ және жақсы ғалым мұны түсіне білуі тиіс.

Сауатты рәсімдеу

Манускрипт барлық қажетті секцияларымен берге журналдың талаптарына байланысты рәсімделуі тиіс, барлық графикалық материалдар манускрипттің негізгі бөлімінде талап етілген форматтар мен тұнықтыққа сәйкес бөлек файлдар ретінде келтірілуі қажет. Қолданылған әдебиет тізімі журналда қабылданған стильде рәсімделуі тиіс. Мәтіннің максималды көлемі бойынша шектеулерге назар аударыңыз – ойыңызды анық және ықшамды жеткізіңіз.

Жарияланым үшін критерийлер ЕМЕС:

Ғылыми жетекшінің беделділігі

Сіздің бұрынғы еңбектеріңіз, қайда жарияланғаныңыз немесе ғылыми жетекші рөлінде кім болғаны және оның қандай еңбектері болғаны біз үшін маңызды емес.

Тәжірибенің болуы

Сіздің жұмысыңыз тек теориялық ой қорытындыларынан ғана тұра алады. Мысалы, дәрілік молекула синтезінің жаңа сызбасының теориялық негіздемесі немесе тривиал емес нәтижеге алып келетін кинетикалық теңдеулердің қандай да бір сызбасы үшін математикалық түрлендірулер.