Республикалық олимпиада біткеннен кейін 10-16 алтын және күміс медаль иегелері екі апталық республикалық жиынға қатысуға шақырылады. Олимпиадада 9-11 сынып оқушылары қатыса алғанмен, көбіне 10-11 сынып оқушыларына оқу-жаттығу жиынына қатысу мүмкіншілігі беріледі. Дәл осы жиында Халықаралық Менделеев олимпиадасында (ХМО) Қазақстанның атын қорғауға 8 адамнан тұратын команда құрылады. ХМО-дан кейін кезекті республикалық жиындар өткізіледі, ал соңында Халықаралық Химиялық Олимпиадаға (IChO) қатысуға 4 адамнан тұратын команда таңдалады. Іріктеу бір немесе бірнеше бақылау жұмыстары негізінде өтетінін ескеру маңызды.