Олимпиаданы тандаңыз

ПәнЛингвистика

ҚР құрама командасын анықтау

Лингвистика республикалық іріктеу олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша РО-дан бөлек күздің аяғында өткізіледі. Оның қорытындысына қарай 10-11(12) сыныптар арасынан ең жоғары ұпай алған 12 оқушы қысқы және көктемгі республикалық оқу-жаттығу жиындарға шақырылады. Әр жиынның аяғында өтетін рейтингтік тур мен РО-ның нәтижелері негізінде Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысатын 4 оқушы таңдалады. Лингвистикалық олимпиадада қатысушы берілген уақыт ішінде бейтаныс тілдегі мәліметі бар бірнеше есеп шешуі керек. Логика мен интуицияға сүйене отыра оқушы тілдің заңдылықтарын анықтап, әдетте мәтін аударма ретіндегі тапсырма орындайды. Лингвистикалық есеп шығару үшін шетел тіл де, лингвистикалық теорияны да білудің қажеттілігі жоқ.