Олимпиаданы тандаңыз

ПәнМатематика

ҚР құрама командасын анықтау

Республикалық олимпиададан кейін Балқан математикалық олимпиадасына (BMO) дайындық жиынына іріктеу өтеді. Іріктеу Азиялық-Тынық мұхиттық математикалық олимпиадасының (АТМО), Халықаралық Жібек Жолы Олимпиадасының (IOSP) және Республикалық олимпиаданың нәтижелеріне негізделеді және республикалық олимпиаданың нәтижелері сәйкесінше 9, 10 және 11 сыныптар үшін 0.6, 0.8 және 1.0 коэффициенттерімен ескеріледі. Алайда кейде 9-сынып оқушылары халықаралық олимпиадаларға қатысуда мүлдем қарастырылмайды. Жоғарыда аталған олимпиадалардан басқа, кейде Халықаралық Жәутіков олимпиадасының нәтижелері де ескеріледі.

BМО аяқталғаннан кейін Халықаралық математикалық олимпиадаға (IМО) дайындық жиыны өткізіледі, оған жалпы BMO-ға дайындық жиынына барған оқушылар шақырылады. Дегенмен де, кейде түзетулер енгізіліп, BMO-ны нашар жазғандардың орнына BMO-ның оқу-жаттығу жиынына өте алмағандарды алады.

IМО-ға қатысуда оқушылар әдетте ІМО-ға дайындық жиынының кезіндегі бақылаулар нәтижелері бойынша іріктеледі. Кейде БМО дайындық жиынының бақылаулар нәтижелері ескеріледі.