Физика бойынша халықаралық олимпиадаларға іріктеу біршама ерекше. Республикалық олимпиаданың 1-ші және 2-ші орын иегерлерін сәуір айында өтетін республикалық жиынға шақырады. Дегенмен, бұл оқушылар мамыр айында болатын Азия Физикалық Олимпиадаға (APhO) және сол жылдың шілде айындағы Халықаралық Физикалық Олимпиадаға (IPhO) қатысуда бақтарын сынай алмайды. Оның орнына желтоқсан айында бақылаулар жұмыстарының нәтижелері негізінде APhO-ға қатысуға 8 адамдық команда құрылатын тағы бір республикалық жиынға аттанады. Содан кейін Азия физикалық олимпиадасының нәтижелеріне сәйкес IPhO-ға қатысу үшін 5 адам таңдалады. Осылайша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары тек қысқы жиындардан өтіп, келесі жылы ғана халықаралық олимпиадаларға қатыса алады. *2020 жылдан бастап Азия физикалық олимпиадасына іріктеу 60% -дық үлесі бар қысқы республикалық жиынның нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар Халықаралық Жәутіков олимпиадасының (20%) және Республикалық олимпиаданың (20%) нәтижелеріне негізделеді.